Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәлде киген қарияны «Пайғамбарым» деп атап, жалбарынған қазақтардың ісі көпшілікті шошытты (видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде ақ шапан киіп, сәлде ораған қарияға өлең арнап, «Қазіретім», «Пайғамбарым» деп жалбарынған қазақтардың ерсі ісі көпшілікті шошындырды.

Видеода 25 жас шамасындағы ер жігіт екі қолы дірілдеп, алдында отырған ақ шапанды қарияға өлең оқиды. Көз жасын көл қылып жыр арнаған жігіттің жарты сөзі қазақ тілінде, ал қалғаны түсініксіз болды. Өксіп тұрып оқыған өлеңінің арасында ол: «Не қылсаң да алдыңдамын қазіретім, етегіңнен ажыратпа қазіретім, құлың болып өтейінші мәңгілік», - деп жылап, "пірдің" аяғына жығылғаны анық байқалады.

Еңіреген жігітпен бірге айналасында тұрған оншақты азаматтар да көздерінен жас шығарды. Көрерменнің көпшілігі бұл жат ағымның жетегінде кеткендер десе, енді бірі өзін «Пір» санаған ер кісінің есімі Құрбанәлі екенін айтуда.

Ал осы видеоға қатысты және жиналғандардың қандай діни шара ұйымдастырып жатқандығы жайлы Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы әзірге қандайда бір жауап қайтармады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/948337-salde-kigen-qariyany-payghambarym-de/

pixel