Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы ең атышулы алып қашу оқиғалары

Опубликовано:

21 ғасырда тұрып жатқанымызға қарамастан, қалыңдық алып қашу оқиғалары әлі күнге дейін толастар емес. Жас қыздарды, кей кездері, тіпті кәмелетке толмағандарды ұрлап, қалыңдық ету үйреншікті жағдайға айналуда.

Қазнеттегі тапа тал түсте алып қашудың видеоларынан ең есте қаларлықтарын ztb.kz-ке сілтеме жасап назарларыңызға ұсынамыз.

Алматы колледжінен студентті алып қашу

Видео алғашында Instagram желісінде пайда болған. Ұрланған бойжеткен бар-жоғы 17 жаста екен. Алып қашқыштар елдің дүрліккенінен қорқып, бойжеткенді аман-есен үйіне қайтарды.

Алып қашылған қалыңдықтың жан айқайы түсірілген видео

Видеода еркінен тыс күйеу жігіттің үйінде қамалған бойжеткен айқайға басқаны байқалады. Ол жігітті мүлдем танымайтынын айтып, басына күштеп орамал таққан сәтте есінен танып қалады.

Шымкентте қалыңдықты алып қашу

Instagram желісінде ағымдағы жылдың жазында пайда болған тағы бір видео. Екі жігіт көлікке қызды күштеп мінгізбек болғанда, бойжеткен барынша қарсылық танытады. Мұның бәрі тапа тал түсте қала орталығындағы Неке қию сарайында болады.

Ал мына бейнероликте бойжеткенді күйеу жігіттің үйіне алып келіп, оны туысқандары айқайлап жатқанына қарамастан, тойлатып, ішке кіргізеді.

Оңтүстікте бойжеткенді алып қашу

Видеоны жүктеген Қайрат Қожабеков есімді пайдаланушы жағдайдың Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында 2012 жылы болғанын жазған.

Онда жас қыз ұрлап әкеткен жігіттің үйінде жылап, қарсылық танытқанымен, шыға алмай отырғаны көрінеді. Кейін видео өшіріп тасталады. Бойжеткен ақыры жігіттің үйінде қалған. Қазір ортақ ұлдары бары белгілі.

Тағы бір алып қашу видеосы

Бұл оқиғада бойжеткен, тіпті қарсылық танытып та үлгермейді. Оны көлікке лезде отырғызып, белгісіз бағытта алып кеткен.

Шымкентте тапа тал түсте қалыңдық ұрлау үйреншікті жағдайға айналған сыңайлы. Бәрі бұл жайтты көріп тұрса да, еш көмек көрсетпей, тек камераға түсіріп тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/957489-el-esinde-qalghan-boyzhetkendi-alyp-qash/

pixel