Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның ең сұлу студент қызын таңдаңыз

Опубликовано:

Бүгін «Халықаралық студенттер күні» осыған орай біз сіздерге еліміздегі танымал жоғарғы оқу орындарының ақылына көркі сай, білімді де білікті, алар асуы әлі алда студент қыздар арасындағы фотобайқауды ұсынып отырмыз.

Әрбір ару өзі оқитын білім мекемесінің үздігі танылып, ректорат тарапынан NUR.KZ порталына жолданып отыр. Сіздер өзіңіз сұлу деп таныған бойжеткеннің суретінің жанындағы түймені басу арқылы дауыс бере аласыздар. Әр оқырман тек 1 рет дауыс бере алады. Бәріміз бірге Қазақстанның ең сұлу студентін таңдайық.

1. Ұлжан Жақан - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің - 2 курс студенті. Ұстанымы - Талап пен еңбек, бәрін де жеңбек. Арманы - Жақсы келін болу.

2. Тюльпан Аманбай - М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік жəне коммуникациялар академиясының 3-ші курс студенті. Оқу озаты, бос уақытында кітап оқығанды жəне шығарма жазуды ұнатады.

3. Ақмарал Дәлмұхаметова - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің 2-курс студенті. Бос уақытында өлең жазады.

4. Айнұр Байназарова - КИМЭП университетінің 4- курс студенті. 2015 жылғы «Университет аруы». Қайрымдылық шаралар ұйымдастырумен айналысады. Бос уақытында қынамен сурет салуды ұнатады.

5. Айжан Ықлас - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 2-курс студенті. Хоббиі- сурет салу, қолөнер, нысанаға көздеп ату.

6. Нұрсұлу Жанаманова - Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының 1-курс студенті. Таэквондо спортымен шұғылданады. Арманы - киноға түсу.

7. Айнұр Ізжанова - С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 3-курс студенті. 2014 жылғы «Университет аруы». Суда жүзуден чемпион. Арманы - ақ халатты абзал жан атану.

8. Бағдат Еламанова - Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 3-курс студенті. Республикалық және халықаралық ән байқауларының жеңімпазы. 2014 жылғы «Университет аруы».

9. Айдана Мамыш – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 4-курс студенті. Мақсаты – технология ғылымдарын зерттейтін білікті маман болу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/958787-qazaqstannynh-enh-sulu-student-qyzyn-ta/

pixel