Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық сексопатолог әйелдерге киіздің үстінде жыныстық қатынасқа түсуге кеңес берді

Опубликовано:

Астаналық  дəрігер-сексопатолог Сəкен Байшоқанов əйгілі «Камасутрада» кездеспейтін жаңа тəсілдерді ұсынып отыр. Ол өзі айтқан әдістері әйелдің де ер азаматтың да толық ләззат алуына, әрі бірден жүкті болуына көмектеседі деп сендіреді.

Бұл туралы STAN.KZ Экспресс К басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Алғашқы тəсіл  «Алпамыс найзамен айдаһарға шабуыл жасауда» деп аталды. Мұндай  тəсіл аяқтың мықтылығы мен қиялдың шексіздігін талап етеді.

Екінші тəсіл «Қарағаш» деп аталады. Бұл тəсіл əйел мен еркекті жіппен байлауды  қажет етеді. Себебі,  бұл әдісте  əйел мен еркек тік тұрып жыныстық қатынасқа түсуі керек.

Қазір Сəкен Байшоқанов жылдам жүкті болудың тәсілдерін жинақтап кітап етіп шығармақшы. Өзінің еңбегі арқылы ол Қазақстандағы демографиялық мәселені шешуге, адам санын көбейтуге ықпал етпекші.

Оған қоса сексопатолог маман киіз үстінде жыныстық қатынасқа түсуге кеңес береді.  Айтуынша, киіз əйел затының ұмытылмас ләззат алуына ықпал ететін көрінеді.

Дәрігер өзі ойлап тапқан тәсілдердің бұл бір бөлігі ғана деп отыр. Алдағы уақытта шығатын жинағында төсек қатынасындағы көпшілік біле бермейтін құпияларымен  бөлісетінін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/961152-qazaqstandyq-seksopotolog-ayelderge/

pixel