Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Араб дәстүршілдігі қазақты қайда апарады?

Опубликовано:

Қазіргі күні қазақ халқының дәстүрлі діні ретінде «араб дәстүршілдігі» уағыздалып келеді. Әрі бұл жол қазақ халқының дәстүрлі діни танымының негізі ретінде және бірден бір дұрыс жол ретінде көрсетілуде.

Әсіресе, әруақ пен әулиеге қатысты қалыптасқан «Аллаға серік қосу» мәселесі өзін дінге сенемін, мұсылманмын дейтін жастардың көпшілігінің санасын жаулап үлгерді. Абай.кз сайты осы тақырыпқа арнап үлкен материал жариялады. Мақаланың толық нұсқасын аталған сайттан оқи аласыздар. Назарларыңызға үзіндісін ұсынамыз.

Діни сенім мен танымдағы бұл өзгерістердің бұлай белең алуы қазақ халқының дәстүрлі діни танымының негіздерін толығымен шайып барады. Бұл ертеңгі күні қазақ халқының исламдық діни салт-дәстүрінің толығымен киелілік сипатынан ажыртып, халық санасынан өшуіне әкелетін қауіпті құбылысқа айналып отыр. Егерде бұл бағыт ары қарай жалғаса беретін болса, онда қазақ халқының діни танымы толығымен өзгеріске түсіп, қазақ халқы жаңа діни танымға ылайық жаңа мәдениет қалыптастыруға мәжбүр болады. Осыған байланысты қазіргі біздегі негізгі діни бағыт ретінде қабылданып отырған «араб дәстүршілдігінің» қалыптасу кезеңі мен себептеріне қатысты тарихи деректерді алға шығару қазіргі қажеттілігі туындап отыр.

«Араб дәстүршілдігінің» қазақ даласына келуі Ресей империясының қазақ даласын діни-идеологиялық тұрғыдан игеру үшін қолданған саясатымен байланысты болатын. Қазақ халқы өзінің дәстүрлі діни танымы аясында қалатын болса, оңайлықпен мойын ұсына қоймайтынын сезінген отаршылдар қазақтың діни сенім негіздері мен діни танымын өзгерту керектігін түсінді. Ол үшін 1756 жылдан бастап, діни басқарма ашып, арнайы қазақ даласы үшін Уфа қаласында медреседе молдалар дайындата бастаған.

Керек десе, ол кезде әлі Қазақ хандығы ыдырымаған кезі болатын. Ресей отаршылдары өздеріне мойынұсынған жерлерге осы молдаларды жібере отырып, қазақ халқының дәстүрлі діни танымын өзгертуге күш салды. Ол молдалар қазақ арасында «заказной молдалар» деп аталды. Олардың әрекеттермен қазақ зиялылары жүз елу жылдай күресті. Кеңес өкіметі орнаған соң атеистік кезең келгені белгілі. 1943 жылы Сталиннің шешімен мешіттер қайта ашылғанда, бұл жүйе қайта жалғасын тапты. Сол кездегі Орта Азия халықтары үшін Ташкентте ашылған Діни Басқарма басшылығына келген Бабахан қары қандай бағытта болғанын білмеймін.

Ол кісі қайтыс болған соң, оның орнына отырған оның ұлы Зиауддин Бабаханов Орта Азияға алғаш Кеңес өкіметінің көмегімен уаххабилікті әкелген Шами дамулланың шәкірті болатын. Бұл кісі Кеңес өкіметіне де, уаххабилерге де адал қызмет еткен сияқты. Ол ұзақ жылдар бойы Кеңес өкіметі мен Сауд Арабиясы арасындағы жалғастырушы жалғыз көпір болды. Кеңес өкіметінің кезінде уаххабилік әдебиеттің Орта Азияға дендеп енуіне сол кісінің үлесі болғандығына дау жоқ. Және Кеңес өкіметінің уаххабилік идеологияның мұсылмандар арасына кеңінен таралуына мүдделі болғандығын, сол арқылы мұсылман халықтарын дәстүлі мәдениетінен ажырату мақсатында болғандығын да айтуымыз керек.

Кеңес өкіметі ыдыраған соң Өзбекстан жерінде уаххабиліктің бірден белең алып кетуі осындай факторлармен тікелей байланысты. Қазіргі еліміздегі мешіттер сол патшалы Ресейден бастау алып, Кеңес өкіметі кезінде уаххабилік таным негіздерімен суарылған орталықтар болатын.

Сол Кеңес өкімет кезеңінде діни сауаты бар кісілердің көпшілігі сол мешіттерге бармайтын. «Неге бармайсыз?»-деп сұрасаң, «Е, балам, біздің жол бөлектеу»-деп күліп қоя салатын Қазір сол бағыттарынан мешіттер әлі ажырай қойған жоқ. Оның үстіне қаншама жасты біз шетелдерге жіберіп оқытып, әкелдік.

"Мұның бәрі қазақтың дәстүрлі діни танымын түсінбейтін, түсіне алмайтын имамдар қатарын көбейтіп отыр. Ал ондай бағытта дайындалған имамдардың қазақ халқының дәстүрлі діни танымынан хабары болмауы заңды құбылыс. Сондықтан қазіргі мешіттердегі діни уағыздың қазақ халқының діни танымымен сай келмеуі заңдылық екендігін түсінуіміз керек. Олар түсінбейді екен деп, имамдарды бұлай еркіне жібере беретін болсақ, онда ертең қазақ халқын тарихтан кетіретініміз анық. Сонда не істемек керек?", -  деген сөздермен автор мақаласын аяқтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/961945-arab-dasturshildigi-qazaqty-qayda-apa/

pixel