Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқалдан бас тартқан қазақтар не ұтып, неден ұтылды?

Опубликовано:

Отандық namys.kz порталы кезінде 3-4 әйел алған ата-бабалардың не ұтқаны, ал тоқалдан бас тартқан қазіргі заманда қазақтардың неден ұтылғандығы жөнінде мақала жариялады.

"Қазақта: «Екі сиыр – айран, екі қатын – ойран» деген мақал бар. Дәл осы мақалды бұрынғы қазақ айтты деп ойлайсыз ба? Жоқ! Жаратқан иеміз адамзатқа төрт әйел алуға рұқсат еткен. Бұрынғы қазақ бабаларымыз құдайдың пендесіне қастық ойламайтынын бізден жақсы білген. «Екі қатын ойран» деген тіркес Кеңес үкіметі, атеизм кезіндегі шолақ белсенділер ойлап тапқан дүние. Қазақ жауынгер халық болған, қазақ көшпенді ел болған. Жаугершілік заманда соғыстан көптеген адам опат болып отырған. Мерт болғандардың жанұясы мен бала-шағасының өмірде жалғасын тауып, өсіп-өнуін қазақ ойламады дейсіңдер ме? Қазақта: «Балалы үй – базар» деген ұстаным болған. Әр қазақтың шаңырақтарында 5-15 бала болған. Ауыл ақсақалдары шариғат бойынша үкім шығарып опат болған шаһиттердің әйелдерін, яғни, жесірлерді «тең-теңімен, тезек қабымен» дегендей үйлесімді етіп, бір-біріне некелеп берген. Осындай жаугершілік жағдайдан кейін әр қазақ жігітті 2-3 әйел алуға мәжбүр", - деп жазады автор.

Сөйтіп қазақ аталарымыз не ұтты:

- Құдай қағидасын орындап, жесір алып жетімін бағып сауапқа батты;

- Ел ішінде қорғансыз жесір мен жетімнің болмауына үлес қосты;

- Ұрпақ өсіру арқылы қазақ өз қатарын сарбазбен толықтырды;

- Жесір болмағандықтан жезөкше де болған жоқ;

- Жезөкше болмағандықтан зина болмаған;

- Зина болмағандықтан шата ұрпақ туылмаған;

- Шата болмағандықтан қызтеке-еркекшора болмаған;

Қысқасы,  қазақта  жетімдер үйі мен қарттар үйі болмаған.

Алла үкімі орындалғандықтан, қазақ халқына Ол ашуланып қаһарын тікпеген.

Сол себепті елде торнада, тайфун, цунами, булкан, жер сілкіну т.с.с зұлматты апаттар болмаған.

Шариғат бойынша некелеп беріп отырған сол кездегі ақсақалдар жесірлерді күшпен, алдап не зорлап, қысқасы қорқытып некелемеген. «Ағама жеңгем сай» дегендей, психологияларына қарап теңдеген.

"Қазір жоғарыдағы атажолы адырам қалды. Қазақтың ішкі бірлігін бұзуды ойлаған дұшпандар іштен іріту жоспарын құрды. Жоспарда: бір-біріне айдап салу, өз күштерін өздеріне сарп ету, қаңқу сөз, өсек жаю арқылы ұлттық танымын өзгертуге күш салды. «Ертекке сенгенше, екі босағаңа сен!» мақалды атеизм кезінде «еркекке сенгенше өз босағаңа сен» деп өзгертіп жіберген. Мұндағы мақсаты еркектің рухын аяққа таптау. Кейін расында да еркектердің рухы, жалауы төмен түсті, құрылған торға түсті, ішімдікке салынып у ішті, үй, жанұя бағу есінен шығып кетті, жанұяға қырғидай тиді, тағысын тағы", - делінген мақалада.

Екінші әйелдің атауы – кіші жар. Кіші жардан тәтті бауыр дүниеге келген, онымен қоса «төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген мақал дүниеге келген, мақалдың астарында төрт әйелден  шыққан төрт ұл ауызбірлікте болса сендерді ешкім ала алмайды деген сөз.

Төрт аяқты тұлпар ешкімге алдырмайды деп те айтқан. Кезінде бір шаңыраққа ұл келсе, балаға азан шақырып ат қойып, мықты бата берген. Батаның ең мықтысы «сенің балаң емес, елдің баласы болсын» деген. Яғни мұндай бата алған ұрпақ өсе келе ел-халқын ойлап елі үшін күрескен.

"Ал қазір біздің шатасқанымыз сол, дүниеге қыз келсе, елдің қызы болсын дейміз. Бұл деген өте надандық, өте сауатсыздық, өте ұят нәрсе. Қыз деген – гүл! Қыз деген ел үшін дүниеге келмейді, бір ғана еркек үшін ғана дүниеге келеді. Яғни қыз – елдің қолжаулығы емес. Соны есте мығым ұстаған жөн", - деп жалғастырады автор.

Енді қазіргі күнге келейік. Елде жесір көп. Осыларды ретін, жігін тауып реттеп, бір-біріне қосып отыратын ақсақалдар қайда? Қазіргі ақсақалдар қоғам, билік, құзырлы орын, сарапшы, зиялылар емес пе?

"Қазаннан қақпақ, иттен ұят кетті. Ақыры не болды, қыз жезөкшеге айналып тәнін сатты, зинадан шата тапты, жаппай өзге ұлтқа (қытай, орыс, американ-ағылшын, т.с.с) тұрмысқа шықты, ұлттың сапасын, иммунитетін жойды. Елде жетімдер үйі, зинақорлар үйі, қарттар үйі, т.с.с ұят үйлер қаптады. Ұл намыс пен жігерден айырылды, қанаты қайырлып сатқынға айналды. Апиын мен ине, темекі мен ішімдік, өлтіру-тонау, ұрлап-зорлау салтқа айналды", - делінген мақалада.

"Екі әйел алуға қарсы билік қызтекелерді заңдастыруға құлшынып-ақ тұр. Шындық айтқандар тұтылып, педофиль, людоед, зоофиль, секілді азғындар құтырып тұр", - дейді автор.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/963517-toqaldan-bas-tartqan-qazaqtar-ne-utyp/

pixel