Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-ның бас имамы Ақтөбеге ауысып жатыр

Опубликовано:

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бұйрығымен осы басқарманың Шығыс Қазақстан облыстық мешіттің бас имамы Нұрлан қажы Асанов қызметінен босатылып, оның орнына Алматы қаласы Медеу аудандық "Райымбек батыр" мешітінің бас имамы Ермек Мұқатай тағайындалды деп хабарлайды altaynews.kz.

Ал Нұрлан Байжігітұлы Ақтөбе облысындағы өкіл имам, "Нұр ғасыр" мешітінің бас имамы қызметіне кіріседі.

"Ардақты ағайын! Осы төрт жылдан астам уақытта мен сіздерге Алланың қалауымен шамамның жеткенінше барлық білімім мен білігімді сала қызмет жасадым. Білмеген жерімді сіздерден үйрендім. Шығысқа мен кіндігімнен байланбасам да, жүрегіммен байландым. Сіздермен бірге өткізген әрбір күн мен үшін қымбат", - деп көзіне жас алып тұрып сөйлеген Нұрлан қажы Асанов жиналған қауымға ризашылығын білдірді.

"Нұрлан Байжігітұлы мүфтият қызметкері жұма намазында таныстырады деп жоспарланып отыр. Ал ҚМДБ Ақтөбедегі өкіл имамы Әбдімүтәлі Дәуренбеков Алматыға ауысады", - дейді мешіттің баспасөз қызметкері Балауса Аетова “Керек info-ға” берген сұхбатында.

Баспасөз қызметі Әбдімүтәлі Дәуренбековтің қызметтен кетуіне мешіттің бас молдасы Жайылхан Әбдісаламовтың жергілікті журналистерге берген ашық сұхбатының еш қатысы жоқ деп санайды. “ҚМДБ қалыптасқан дәстүр бойынша бас имамдар 5 жыл сайын ауысып тұрады. Бұл қалыпты жағдай”.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/966624-shqo-nynh-bas-imamy-aqtobege-auysyp-zhaty/

pixel