Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қыз күйінде тұрмысқа шығу "старомодно" болып танылды

Опубликовано:

Дәрігерлер жасына жетпей жетіліп, жыныстық қатынасқа түсетін жасөспірімдердің мәселесіне назар аударып, дабыл қағу керектігін айтты деп жазады Ақ жайық басылымы.

"Қазір олар құрбыларын тыңдайды, интернеттен естіп біледі. Және қазір көбінің психологиясы әртүрлі ғой. Жақында бір қыз балаға пəктік туралы əңгіме айтып отырсам, ол маған: «Апа, сіз мені ақымақ санайсыз ба? Егер мен қазір пəк болып тұрмысқа шықсам, күйеуім «бұған дейін саған ешкім қарамаған ба?» деп сұрайды ғой» дейді. Міне, қыздар арасында осындай әңгімелер жүреді екен", - деп жаға ұстатарлық шындықты атыраулық дәрігер Айқияш Шунаева салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында өткен дөңгелек үстел барысында хабарлады.

Жауапкершіліктің жүгі ата-аналарға, бәрінен бұрын аналарға артылып отырғанын айтып өтті. Анасы қызымен әйелдер гигиенасы туралы ұялмай, ашық сөйлесуі керек, жыныстық қатынасты кәмелеттік жасқа толмағанға дейін бастау адамгершілік жағынан да, физиологиялық жағынан да дұрыс емес екендігін айту керек, дейді Шунаева.

Қалалық емханалар гинекологтары мен мектеп мұғалімдері бас қосқан жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі болған жоқ. Сол себепті облыс бойынша биыл нақты қанша жасөспірімдер жүктілігі кездесіп отырғандығы айтылмады. Десек те, кейбір мəліметті емханалар қызметкерлері келтіріп өтті.

№1 қалалық емхана гинекологы Айқияш Шуневаның айтуынша, 2011 жылы 15-16 жастағы алты қыз жүкті болса, 2012 жылы алты, 2013 жылы - 13, 2014 жылы – 11 қыз жүкті болған. Ал биылғы жылдың басынан бері қарай жасөспірімдер жүктілігінің жеті жағдайы тіркелген. №2 емханада жыл басынан бері қарай бес жағдай, №7 емханада - 10 жағдай, №4 емханада 18 жағдай тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/980372-qazaqstanda-qyz-kuyinde-turmysqa-shygh/

pixel