Балдызын зорлаған Қостанай облысының тұрғыны 11 жылға сотталды
Жарияланған күні:
Қостанай облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты 23 жастағы Юрий Никитинге қатысты үкім шығарды деп жазады Қостанай таңы басылымы.
Ол кәмелеттік жасқа толмаған қызға зорлық көрсетті деп айыпталды.
Іс материалдары бойынша, осы жылы 20-шілдеде 1998 жылғы кәмелеттік жасқа толмаған қыз Меңдіқара ауданында тұратын немере әпкесі Г.Никитинаның үйіне қонаққа барған. 1-тамызға дейін сонда болыпты.
Сол соңғы күні кешкі сағат 22.00 шамасында әлгі әпкесі күйеуі Юриймен жанжалдасып қалады. Юрий мұнан соң Қостанай ауданына ата-анасына мотоциклмен кетуді шешеді. Жәбірленуші жездесінен жолай өзін ала кетуді сұрайды.
Жолға шықпас бұрын Юрий танысы Зыряновты қастарына үшінші қылып қосқан. Әуелі «кетер аяқ» жасауды жөн көреді. Екі шөлмек арақты темекісімен сатып алып, стадион маңына барып «ауыз былғайды».
Түнгі сағат 01.30 кезінде үшеуі жолға шыққан. Орта жолдан Зыряновты ауылына тастап, өздері әрі кетеді. Владимиров ауылына жете бере, шамамен бір шақырымдық тұста мотоцикл сынады. Никитин оны әрі-бері шұқып, жөндей алмай, жол-жөнекей көлік күтеді.
Жәбірленуші осы уақытта мотоциклдің қасында ұйықтап қалған. Осы жағдайды пайдаланып, Никитин кәмелеттік жасқа жетпеген қызды қарсылығына қарамай зорлаған.
Қылмыстың ұстынына қарай, іс жабық тәртіпте қаралды. Сот Юрий Никитинді толық кінәлі деп тауып, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Жазасын қатаң режімдегі түзету мекемесінде өтейтін болады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/987670-baldyzyn-zorlaghan-qostanay-oblysyny/