Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдік деңгейдегі ғалымдар Шыңғыс ханды қазақ деп таныды

Опубликовано:

Әлемдік деңгейдегі ғалымдар көптеген пікірталастан кейін Шыңғыс хан қазақ болған деген тоқтамға келді. "Шыңғыс хан шындығы" ғылыми байқауының қатысушылары өз шешімдерін жария етті.

Бұл туралы express-k.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Ең үздік зерттеу жұмысын жүргізді деп танылған Жәркен Бөдеш өз есебінде атақты ханның өміріндегі ең ерекше фактілерді ортаға салды.

Жас ғалымдардың Шыңғыс хан қазақтың көшпенді тайпасынан шыққан деген болжамын әлемдік атақтары бар ғалымдар да қолдап отыр. Мәселен, украиндық тарихшы Владимир Белинский бұл тоқтамның шындық екеніне толық сенімді.

Дәлел ретінде ол ғылыми тұрғыдан расталған фактілерді келтіреді: Шыңғыс ханның әкесі түркі тайпасындағы қияттардың көсемі болған. Кейін ол керей, меркіт және наймандармен бірге Шыңғыс хан империясының негізін қалады дейді зерттеуші. Бұдан өзге,  моңғол билеушілері хан емес қоңтайшы атанып келгендері де бұл тоқтамды дәлелдей түседі екен.

Ғалым моңғолдарда ақ киізге билеушіні отырғызу дәстүрі болмағанын және бұл дәстүр қазақтарға тиесілі екенін алға тартты. Шыңғыс ханның шын есімі – Темуджин (Темершін, Темучин) де түркілік түптамырға ие дейді ол.

"Жақында біз Қазақстан, Ресей, Өзбекстан ғалымдарынан құралған экспедиция ұйымдастырамыз. Басты мақсатымыз - Жетісуда дүниеге келіп, өмір сүрген Шыңғыс ханның қазақ екенін дәлелдейтін фактілерді жинау", – дейді «Шыңғыс хан» журналының негізін қалаушы Әміре Арын.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстандық жазушы әрі журналист Тұрсынбай Жандәулет өзінің "Шыңғыс хан қазақ па, моңғол ма?" атты мақаласында ұлы қолбасшының ұлтына қатысты мәселені көтерген болатын.

Жазушы "Шыңғыс хан моңғол болсын, түркі болсын, бәрібір қазақтан шыққан" деген ойын жеткізіп, біраз пікірталас тудырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/997492-alemdik-denhgeyde-tanymal-ghalymdar-shy/

pixel