Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстанда бәрі сатылады": Шулы мәлімдеме жасаған волейболшы ойыннан шеттетілді

Опубликовано:

Алеся Сафронова
Алеся Сафронова. Фото: Volley.kz

Қазақстандық "Жетісу" клубының волейболшысы даулы мәлімдемесінен кейін бірнеше уақытқа ойыннан шеттетілді. Алеся Сафронова айтқан сөздері үшін кешірім сұрап үлгерген.

Аталмыш жайт 12 қарашада "Алтай" - "Жетісу" матчында болған. Алеся Сафронова тайм-аут кезінде өз-өзін ұстай алмай, эмоцияға беріліп, телекамераға даулы мәлімдеме жасаған деп жазады VKsport.kz.

"Қазақстанда бәрі сатылады. Федерацияда да", - деді ол.

Бұл эпизодқа жанкүйерлер ғана емес, спорт шенеуніктері де назар аударған.

Басылымның жазуынша, "Иртыш-Казхроммен" болған ойынға Алеся қатыспапты. Сол күні кеше ойыннан шеттетілгенін хабарлаған.

Бұл ақпаратты Волейбол Федерациясының бас хатшысы Ермек Сырлыбаев та растаған.

"Әйелдер командалары арасындағы волейболдан ҚР ХХІХ Чемпионатының 1-турының негізгі төрешілер алқасы, Ұлттық лиганың шеберлері, А.Сафронованы Атқару комитетінің келесі отырысында осы эпизодты әрі қарай қарастыра отырып, турдың соңына дейін шеттету туралы шешім қабылдады", - делінген ресми шешімде.

Әзірге Сафронованың қанша уақытқа ойыннан шеттетілгені белгісіз. Басылым дереккөзінің хабарлауынша, Сафронованың мәлімдемесі Мәдениет және спорт министрлігінің және Ұлттық олимпиада комитетінің назарына іліккен.

Спортшы болса өзінің айтқан сөздері үшін кешірім сұрады деп хабарлайды Sports.kz.

"Әрине, қызуқандылықпен айтқаным үшін кешірім сұраймын. Бұл өте тартысты матч болды, ал камералардың артында көп нәрсе байқалмады. Біздің қарсыластарымыз бізді арандатты. Өкінішке орай, төрешілер мұны көрмейді", - дейді ол.

Сафронова өз елін өте қатты жақсы көріп, құрметтейтінін атап өткен.

"Мен онда Қазақстан туралы емес, Федерация туралы айттым. Мен Қазақстанды өте қатты жақсы көремін, оған бар жастығымды бердім. Алаңда Қазақстан құрамасы үшін жанымды салдым. Әлі күнге дейін Қазақстанның намысы үшін күресемін", - дейді "Жетісу" клубының капитаны.

Еске сала кетсек, бұған дейін танымал қазақстандық футболшы Бауыржан Исламханның допинг дауына іліккенін жазған едік.

Сондай-ақ допинг дауына іліккен шаңғышы Алексей Полтораниннің соты коронавирусқа байланысты кейінге шегерілгені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1884852-kazakstanda-bri-satylady-suly-mlimdeme-zasagan-volejbolsy-ojynnan-settetildi/

pixel