Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аргентина президенті Марадонаның қазасына байланысты үш күндік аза тұту жариялады

Опубликовано:

Диего Марадоне
Фото: РИА Новости / Владимир Астапкович

Аргентина президенті Альберто Фернандес Аргентина құрамасының бұрынғы капитаны Диего Марадонаның қазасынан кейін елде үш күндік аза тұту жариялады. Сонымен қатар ол өзінің жұмыс сапарларын тоқтатты.

"Марадона бүкіл әлем үшін Аргентинаның бейнесі болды, ол бізге үлкен қуаныш сыйлады, біз оған мәңгілік қарыздармыз", - деп келтіреді Фернандестің сөздерін ТАСС.

Бүкіл елде мемлекеттік тулар түсіріліп, ойын-сауықтар тоқтатылды. Теледидар арналары футбол жұлдызының өмірі, мансабы және жеңістері туралы әңгімелеуде.

Аты аңызға айналған спортшының өлімі президенттің күнтізбесінде көрініс тапты. Ол Санта-Фе және Чако провинцияларындағы бейсенбі мен жұмаға жоспарлаған жұмыс сапарларын тоқтатты.

Әлемге әйгілі футболшы кеше, 25 қарашада қайтыс болды. Оның өлімінің алдын ала себебі инфаркт болды деп болжануда.

Марадона Тигре қаласындағы Сан-Андрес ауданындағы үйде қайтыс болды. Онда ол 4 қарашада жасалған күрделі ми операциясынан кейін тынығып жатқан. Ол кезде спортшыға субдуральды гематоманың пайда болуына байланысты операция қажет болды. Оливос қаласындағы клиникада операция сәтті өткен болатын.

Еске салсақ, бұған дейін "Қызылжар" футбол клубының бұрынғы бапкері коронавирустан қайтыс болғанын жазған едік. Петропавлдық футбол клубының бұрынғы жаттықтырушысы Никола Спасов 62 жасында дүниеден озды. Қайғылы хабар туралы KazFootbal.kz сайты хабарлады. Онда болгариялық маманның 3 апта бойы емделгені айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1886518-argentina-prezidenti-maradonany-kazasyna-bajlanysty-s-kndik-aza-ttu-zarialady/

pixel