RU

Қазақстандық чемпион қол астындағы қызметкердің жемқорлығы үшін қатаң сөгіс алды

Жанат Жақиянов
Жанат Жақиянов. Фото: Scott W. Grau/Icon Sportswire via Getty Images

Танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов СҚО бокстан олимпиадалық резервтің мамандандырылған жасөспірімдер спорт мектебіндегі сыбайлас жемқорлық дауына қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Солтүстік Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Істің мән-жайы бөлім бастығы Ернар Баянғазин мен бейінді бөлім басшылығының қатысуымен "Антикор орталығы" алаңында қаралды. Жақында осы іс бойынша сот болған.

Спорт мектебінің бас бухгалтері айыпталушы болған. Оған бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылған.

Петропавл қалалық сотының үкімімен бас бухгалтер 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады. Облыстық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

"2017 жылдың маусымынан 2020 жылдың ақпанына дейінгі аралықта бас бухгалтер өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып, фактілік деректерді қасақана бұрмалап, өзіне 23 миллион 781 мың теңге бюджет қаражатын негізсіз аударды, бұл сот-экономикалық сараптаманың қорытындысымен расталады", - дейді Баянғазин.

Бухгалтерлік есепшоттарға ақшаны заңсыз аударуға бокс мектебі басшыларының ЭЦҚ-мен бекітілген төлемге арналған электронды шоттары негіз болғаны анықталды.

"Осы ретте Н. Әбдірахманов және Ж.Жақиянов бюджет қаражатын жымқыруға қатысты қылмыс туралы білмегені, олардың ЭЦҚ-ы бас бухгалтердің қолданғаны нақты анықталды.

Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны және ведомстволық бақылаудың жоқтығы үшін Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығы бокстан олимпиадалық резерв мектебінің жетекшісі Ж.Жақияновқа қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза жариялады", - дейді ведомство.

Жанат Жақиянов - жеңіл салмақта жұдырықтасқан қазақстандық кәсіпқой боксшы. Солтүсті Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка ауылының тумасы.

WBA супер және IBO нұсұалары бойынша әлем чемпионы (2017), WBA нұсқасы бойынша бұрынғы уақытша әлем чемпионы (2015-2017), EBU нұсқасы бойынша Еуропа чемпионы (2014-2015).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1893240-kazakstandyk-cempion-kol-astyndagy-kyzmetkerdi-zemkorlygy-sin-sgis-aldy/