RU

"Қазақтарда ақша бар": Ирандық спортшы Қасымбаймен реваншқа қыруар гонорар сұрады

Мұратбек Қасымбай мен ирандық спортшы
Мұратбек Қасымбай мен ирандық спортшы. Фото: pd_mma

"Парсыдан шыққан дағыстандық" лақап атымен танымал ирандық файтер Мохаммед Хейбати қазақстандық Мұратбек Қасымбаймен реванш үшін қанша алғысы келетінін айтты. Олардың алғашқы жекпе-жегі Хейбатидің жеңісімен аяқталған болатын.

Мохаммед Хейбатидің жекпе-жек туралы FIGHT NIGHTS GLOBAL TV арнасына берген сұхбаты YouTube парақшасында жария болды. Реванш үшін ирандық спортшы 8 миллион рубль (шамамен 44,5 миллион теңге) сұрап отыр.

"Қазақтарда ақша бар. Егер төрт мың адамның әрқайсысы 2000 рубль төлесе, бұл 8 миллион болады. Бірақ мен Fight Nights-пен тағы сөйлескім келмейді. Бұл жекпе-жекті қалайсыз ба? Төлеңіз", - деді файтер.

"Парсыдан шыққан дағыстандық" лақап атымен танымал ирандық спортшы арнаға берген сұхбаты барысында бірнеше рет Мұратбек Қасымбай туралы жағымсыз сөздер айтты.

"Мен бұл қошқардың көзін жойғанмын, мен жеңдім", - деп мәлімдеді Хейбати.

Ирандық файтер ММА-дегі 3 жекпе-жекте жеңіп шыққан болатын. Олардың біреуі ғана уақытынан ерте аяқталды. Сұхбат барысында ол алдағы жоспарларымен бөлісе отырып, жеңіл салмақтағы қазіргі UFC чемпионы Петр Янды жеңгісі келетінін мәлімдеді.

Еске салайық, 2020 жылдың желтоқсанында қазақстандық ММА файтері Мұратбек Қасымбай Мәскеуде өткен AMC Fight Nights 99 турнирінде төрешілердің даулы шешімімен ирандық Мохаммед Хейбатиге қарсы жекпе-жекте жеңіліп қалған еді.

Қазақстандық спортшының командасы мұндай шешіммен келіспеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1896155-kazaktarda-aksa-bar-irandyk-sportsy-kasymbajmen-revanska-kyruar-gonorar-srady/