RU

"Қазақ па, өзбек пе?": Шавкат Рахмонов өзінің ұлты туралы ел арасындағы әңгімеге нүкте қойды

Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов. Фото: Getty Images/ Mike Roach / Contributor

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Forbes Kazakhstan Youtube арнасына берген сұхбатында өзінің ұлты туралы айтып берді деп хабарлайды Sports.kz.

Сұқбат кезінде журналист спортшыға "барлығы сіздің ұлтыңыз туралы айтады. Сен қазақсың ба, әлде қазақ емессің бе?.. Желі қолданушылар өзара "ол өзбек, тәжік және басқа ұлт өкілі" деп сөзге келіп жатады... Бұл сіздің шамыңызға тимей ме?" деп сұрақ қойды.

"Жас кезімде бұндай әңгімелер менің ашуыма тиетін. Бірақ кейінірек бұның еш пайдасы жоқ сөзге келу екенін түсіндім. Ең бастысы, сіз ата-анаңызды, өз тарихыңызды жүрегіңізбен білуіңіз керек. Менің ұлтым - қазақ. Менің әкем қазақ, менің анам қоңырат. Мен қазақпын. Иә, мен Өзбекстанда тудым, ал есімім қазақтар арасында сирек кездесетін арабтың аты... Мен Өзбекстанда өмірге келгеніме, сол жерде оқығаныма қуаныштымын. Мен өз Отанымды жақсы көремін. Мен Өзбекстанда туғанымды, ұлтымның қазақ екенін мақтан етемін. Сонда да жұрт бұл туралы айта береді, бірақ мен оны жақсы қабылдаймын", - дейді Рахмонов.

Еске салсақ, 25 қазан күні Абу-Дабиде өткен UFC 254 турнирінде қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC промоушеніндегі алғашқы кездесуін сәтті өткізді. Ол бразилиялық Алекс Оливейраны бірінші раундта жеңген болатын.

Айта кетейік, бұл турнирдің басты жекпе-жегі ресейлік Хабиб Нурмагомедов америкалық Джастин Гэтжи арасында болды.

Ресейлік қарсыласын екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, UFC-тегі 29-шы жеңісіне қол жеткізді.

Жекпе-жектен кейін Нурмагомедов спорттық мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1898576-qazaq-pa-ozbek-pe-savkat-raxmonov-ozinin-ulty-turaly-el-arasyndagy-angimege-nukte-qoidy/