jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады (видео)

    Шавкат Рахмонов UFC 1
    Шавкат Рахмонов. Фото: Getty Images / Josh Hedges / Contributor

    Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC промоушеніндегі алғашқы кездесуін сәтті өткізді. Ол бразилиялық Алекс Оливейраны бірінші раундта жеңді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Шавкат Рахмонов Әбу-Дабидегі UFC 254 турнирінде дебютті жекпе-жегін өткізді. Оның аталған промоушендегі алғашқы қарсыласы бразилиялық Алекс Оливейра болды.

    Үш раундқа жоспарланған кездесу бірінші раунда аяқталды. Үзіліске 20 секунд қалғанда Рахмонов қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді. Жекпе-жектің видеосы Instagram-дағы UFC Russia парақшасында жарияланды.

    Шавкат Рахмонов UFC
    Шавкат Рахмонов. Фото: Getty Images / Josh Hedges / Contributor

    Осылайша қазақстандық спортшы аралас жекпе-жектегі 13-ші, ал UFC промоушеніндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Оның барлық кездесулерін мерзімінен бұрын аяқтағанын айта кету керек.

    Сондай-ақ Рахмонов жекпе-жектен алған әсерімен бөлісті.

    "Оның жылдам екенін білдім, бірақ ашылып қалған кездері де болды. Мен де кейде соққы өткізіп аламын. Бұл спортта кез келген сәтте соққы өткізіп алуға болады. Ол бір-екі рет маған тигізді, міне, сол көзіме. Бірақ соңына дейін төбелесуге оқталдым. Клинчке кіргенде, қарсыласымның шаршап жатқанын сездім. Ол белсенділік танытқысы келген шығар, бірақ олай болмады. Мен жай ғана оның шаршағанын күттім", – деді қазақстандық спортшы.

    Айта кетейік, Әбу-Дабиде өткен UFC 254 турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік Хабиб Нурмагамедов америкалық Джастин Гэтжиді жеңген болатын.

    Бес раундқа жоспарланған жекпе-жектің екінші раундында ресейлік спортшы қарсыласын "үшбұрыш" әдісімен қылқындырып жеңді. UFC промоушенінде бірде-бір рет жеңілмеген Хабиб Нурмагамедов осымен 29-шы жеңісіне қол жеткізді.

    Бұған дейін жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагамедов әкесі қайтыс болғаннан кейін күйзеліспен қалай күресіп жатқанын айтып берген еді.

    Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.