Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда төреші ауызашар уақытында ойынды тоқтатты (фото, видео)

Опубликовано:

Ауызашар
Фото: championat.com

Түркияда төреші "Гиресунспор" - "Кечиоренгюджю" арасындағы кездесуді ойынның11-минутында уақытша тоқтатты. Бұған ауызашар уақыты себеп болған деп хабарлайды Чемпионат сайты.

Қысқа мерзімді үзіліс кезінде қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған футболшылар ауыз ашып, жеңіл тамақтанған.

Айта кетейік, қасиетті Рамазан айында ораза тұту - исламдағы бес парыздың бірі. Рамазан айы 30 күнге созылады.

Рамазанда ауыз бекіткен мұсылман баласы өзін ішіп-жеуден ғана шектемей, жаны мен тәнін жамандықтан сақтап, ізгілікке ұмтылады.

Биыл қасиетті Рамазан айы 13 сәуірде басталды және 12 мамырға дейін жалғасады.

13 мамыр – Ораза айттың бірінші күні. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – Қадір түні. Биылғы пітір садақаның мөлшері 420 теңге.

Сондай-ақ, биылғы Рамазанда Алматы мешіттерінде жамағатпен бірге намаз оқылмайды.

Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқайдың сөзінше, бұған коронавирус індеті себеп. Оның айтуынша, Рамазан айында айтылатын уағыз-насихаттар мен көпшіліктің сауалына жауап беру онлайн режимде өтеді.

Сонымен қатар, диетолог Нұрила Азизқызы ораза кезінде қалай тамақтану керектігін айтқан еді.

Оның сөзінше, Рамазан айында ораза тұтатын жандар дұрыс тамақтануы керек. Себебі, күні бойы аш жүріп, кешке апыл-ғұпыл тамақ жеу асқазанға күш түсіріп қана қоймай, денсаулықтың нашарлауына алып келуі мүмкін. Сондықтан, ауыз бекіту және ауыз ашу кезінде пайдалы әрі құнарлы тағамдар жеген дұрыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1908024-turkiyada-toresi-oraza-ustagan-futbolsylar-auyz-asuy-usin-oiyndy-toqtatty-foto-video/

pixel