jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақтың шапанын киіп, қара жорға билеген бразилиялық футболшылар ел талқысына түсті

    Фото
    Фото: Атырлау футбол клбуының әлеуметтік желідегі парақшасы

    Әлеуметтік желіде Қазақстан біріншілігінде өнер көрсететін бразилиялық футболшылардың шапан киіп, қара жорға билеген сәті тарады деп хабарлайды Sports.kz.

    Видеоны Атырау кіші футбол клубыны Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады.

    Кадрдан бразилиялық футболшылар - Синезио, Антонио Далтон, Эвертон, Эрик Данило, Манеку және Келсон Винисиустың қазақтың ұлттық киімімен жүргенін байқау қиын емес.

    "Дәстүр бойынша, еліміз үшін қадірлі мейманның еңбегі ескеріліп, жергілікті халықтан шапан сыйлыққа алады. Біз де Бразилиядан келген қонақтарға шапан тарту еттік", - делінген хабарламада.

    Өз кезегінде Пеленің жерлестері алғысы ретінде қара жорға билеп, көпшіліктің көңілін көтерді.

    Бұны көрген желі оқырмандары футболшылардың шапанға лайықты екенін жеткізді.

    "Бұл бразилиялықтар сый құрметке лайықты", "Кіші футболдан Атырау клубының Чемпиондар лигасына шығуына үлкен еңбек сіңіргені үшін рақмет", "Жігіттер жарайсыздар, құттықтаймын" деді олар.

    Қазақтың шапанын киіп, қара жорға билеген бразилиялық футболшылар ел талқысына түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.