Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тарихи жайт: 9 қазақстандық боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Опубликовано:

Қолғап
Көрнекі фото: piqsels.com

Дубай қаласында (БАӘ) бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері аяқталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жартылай финалдың қорытындысы бойынша бірден тоғыз қазақстандық боксшы құрлық біріншілігінің финалына шықты.

Алуа Балкибекова, Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Владислав Кухта, Римма Волосенко, Милан Сафронова, Фариза Шолтай, Ляззат Күнгейбаева және Валентина Хальзова алтын медаль үшін жұдырықтасады. Тек Мария Вольнова ғана турнирдің қола медалін еншілеп, финалға шыға алмады.

Еске салсақ, Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Дубай қаласында бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионатының бірінші жарыс күнінде екі қазақстандық боксшы ұтылып қалған болатын.

Алғаш болып шаршы алаңға шыққан Сабырхан Махмұд үндістандық Мохаммад Хассан Уддиннен 5:0 есебімен жеңіліп қалды. Кездесу барысында қарсыласынан әлдеқайда қарымды көрінген Сабырханның дәл бұлай жеңіліске ұшырауы жанкүйерлердің ашуын туғызды.

Турнирдің үшінші жарыс күнінде Қазақстан командасындағы үздік спортшыларының бірі Бекзад Нұрдәулетов жеңіліс тапты.

Нұрдәулетовтің қарсыласы – ирандық спортшы Мейсам Гешлаги. Бекзад пен Мейсам арасындағы кездесуде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Иран боксшысына берді.

Бұл Бекзадтың 2019 жылғы әлем чемпионатынан кейінгі алғашқы жеңілісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1914917-tarixi-zait-9-qazaqstandyq-bokssy-aziya-cempionatynyn-finalyna-syqty/

pixel