Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы Италияны 11:3 есебімен ойсырата жеңді

Опубликовано:

Хоккей11
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Шайбалы хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы Италияны 11:3 есебімен жеңді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құрамалар арасындағы кездесу бүгін өтті.

Ойынның алғашқы 2-минутында Роман Старченко есеп ашып, Қазақстан құрамасын алға шығарса, 24-минутта италиялық Анджело Мичели таразы басын теңестірген.

Ал 32-минутта қазақстандық Егор Петухов қақпа торын дәл көздесе, 35-минутта тағы бір спортшымыз Евгений Рымарев мергендік танытқан.

Шешуші үшінші кезеңде құрамалар бір-бірінің қақпасына бірнеше шайба соққан. Ойынның 41-минутында Никита Михайлис өз мүмкіндігін мүлт жібермеген, десе де арада он секунд өткенде италиялық Петер Хоххофлер есеп айырмасын қысқартқан.

Бұдан кейін қазақстандық құрама сапынан Кёртис Валк 46, Артём Лихотников 47, 49-минуттарда гол соқса, италиялық Алекс Петан 50-минутта мергендік танытты.

Ал Кирилл Панюковтың 54, Роман Старченконың 56, Виктор Сведбергтің 57, Егор Шалаповтың 59-минутта соққан голы есепті еселей түсті.

Осылайша Қазақстан құрамасы 11:3 есебімен жеңіске жетті.

Бұл жеңістен кейін Қазақстан құрамасы турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы биылғы турнирде бұған дейін бес кездесу өткізіп, үшеуінде жеңіске жеткен болатын. Алдымен буллиттен Латвиядан 2:1, Финляндиядан 3:2 есебімен басым түссе, одан кейін АҚШ-қа 0:3 есебімен есе жіберді.

Төртінші кездесуде Германияны 3:2 есебімен жеңіп, одан кейін Канадаға 2:4 есебімен жол берді. Енді ел құрамасы 31 мамырда мұз айдынында Норвегиямен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/1915078-saibaly-xokkeiden-ac-qazaqstan-quramasy-italiyany-113-esebimen-oisyrata-zendi/

pixel