jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Сенсациялық жеңіс: Қазақстан хоккейден әлем чемпионынан басым түсті (видео)

    Хоккей
    Кадр: YouTube / Highlights: KAZAKHSTAN vs FNLAND

    Қазақстан хоккейшілері қазіргі әлем чемпионы Финляндиядан басым түсті деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

    Ригадағы кездесуде қазақстандық хоккейшілер буллит сериясында жеңіске жетті. 34-минутта Финляндия құрамасы сапынан Антон Лунделл есеп ашты. Араға екі жарым минут салып, қазақстандықтар таразы басын теңестірді. Кирилл Панюков кезекті шабуылды әдемі түйіндеді.

    Қарсыластар негізгі уақыт пен овертаймда жеңімпазды анықтай алған жоқ. Буллит сериясында Қазақстан хоккейшілері үш мәрте мергендік танытса, Суоми ойыншылары бір шайбамен тоқтады.

    Қазақстан әлем чемпионатындағы келесі ойынын 25 мамыр күні АҚШ құрамасымен өткізеді.

    Еске салсақ, бұған дейін хоккейден Финляндия чемпионатында төреші жеті тісінен айырылып қалғаны туралы жазған едік.

    Оқыс жағдай ХПК мен "Юкурит" командалары арасындағы хоккей ойыны кезінде болған. Төреші Юкка-Пекка Койстинен ойын барысында жарақат алып қалғандықтан, оны өзге төрешімен алмастыруға тура келген.

    Белгілі болғандай, төрешінің бетіне шайба тиген. Соққының күшті болғаны соншалық, шайба төрешінің бірден жеті тісін жұлып әкеткен. Оның төрт тісі толығымен жұлынып қалса, үш тісіне ішінара зақым келгені анықталды. Дәрігерлер төрешінің бас-миы шайқалып, жақ сүйектерінің сынып кетуі де мүмкін екендігін жоққа шығармады.

    Сенсациялық жеңіс: Қазақстан хоккейден әлем чемпионынан басым түсті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.