Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат-Жастардың" ойыншысы матч кезінде есінен танып қалды (видео)

Опубликовано:

Ойыншы
Кадр: Instagram / kazfootballkz

Қазақстан бірінші лигасы аясында өткен матчта "Қайрат-Жастар" командасының қорғаушысы есінен танып қалды деп жазады prosports.kz.

Белгілі болғандай, кездесудің 20-шы минутында Лев Кургин алаң ортасында есінен танған. Дәрігерлер бірден спортшыға алғашқы көмек көрсетіп, артынша футболшыны жедел жәрдеммен Алматы ауруханаларының біріне алып кетті.

Әзірге футболшының жағдайы туралы ақпарат жоқ. Лев Кургиннің не себепті есінен танғаны белгісіз болып отыр.

Еске салсақ, бұған дейін ресейлік ЦСКА клубында ойнаған қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов басына жасалған тізе соққысынан кейін есінен танып қалғанын жазған болатынбыз.

Футболшы матчты жалғастыра алмады, оның орнына алаңға Виктор Васин шықты. Кейін ЦСКА-ның бас бапкері Виктор Гончаренко Бахтиердің жағдайы туралы айтып берді.

Одан бөлек, Хоккейден Финляндия чемпионатында төреші жеті тісінен айырылып қалғанын жазған едік.

Белгілі болғандай, төрешінің бетіне шайба тиген. Соққының күшті болғаны соншалық, шайба төрешінің бірден жеті тісін жұлып кеткен. Оның төрт тісі толығымен жұлынып қалса, үші тісіне ішінара зақым келген.

Дәрігерлер төрешінің бас-миы шайқалып, жақ сүйектерінің сынып кетуі де мүмкін екендігін жоққа шығармады. Олар төрешіге қажетті медициналық көмек көрсету үшін оны дереу ойын алаңынан алып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1917432-qairat-zastardynoiynsysy-matc-kezinde-esinen-tanyp-qaldy-video/

pixel