Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Криштиану Роналдудың Instagram-дағы бір жарнамасы қанша тұрады

Опубликовано:

Криштиану Роналду
Фото: instagram.com/cristiano

Португалия құрамасы мен "Ювентус" клубының шабуылшысы Криштиану Роналдудың Instagram парақшасындағы бір жазбасының құны белгілі болды деп хабарлайды "Би-би-си".

Басылымның жазуынша, ала доп шеберінің бір жарнамалық жазбасының құны 1,6 млн долларды (682 млн 694 мың теңге) құрайды.

Басылым бұл әлеуметтік желі қолданушылары арасындағы ең үлкен көрсеткіш екенін атап өтті.

Тізімде Аргентина құрамасыны шабуылшысы Лионель Месси де бар. Ол жетінші орынға жайғасқан. Оның бір жазбасы 1,1 млн долларға (469 млн 362 мың) бағаланған.

Роналду Instagram желісінде 308 млн оқырман жинаған ең алғашқы адам болып отыр. Футболшыдан кейін тізімде актер Дуэйн Джонсон (246 млн оқырман), әнші Ариана Гранде (244 млн оқырман) және модель Кайли Дженнер (241 млн оқырман) бар.

Еске сала кетсек, бұған дейін футболшы Криштану Роналдудың париждік ПСЖ-да өнер көрсетуі мүмкін екенін жазған едік.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду Туриннен кетуі мүмкін, себебі команданың жаңа бапкері Массимилиано Аллегри оны жасы келді деп санайтын көрінеді.

Роналдуға басты үміткерлердің бірі - ПСЖ. Париждік клубтың қызметкерлері Криштианудың өкілдерімен келіссөздерді бастап кеткен.

Туриндік ұжым футбол жұлдызын сату арқылы 25-30 миллион еуро пайда көруді жоспарлап отыр.

ПСЖ басшылығы 36 жастағы Роналду жас талант Килиан Мбаппені алмастыра алады деген ойда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1920792-kristianu-ronaldudyn-instagram-dagy-bir-zarnamasy-qansa-turady/

pixel