jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Криштиану Роналдудың келесі маусымда Франция чемпионатында доп тебетіні рас па

    Криштиану Роналду
    Криштиану Роналду. Фото: sport24.ru

    Футболшы Криштану Роналдудың париждік ПСЖ-да өнер көрсетуі мүмкін. Португалиялық сұрмерген 30 миллион еуроға бағаланып отыр деп жазады Eurosport.ru.

    Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду Туриннен кетуі мүмкін, себебі команданың жаңа бапкері Массимилиано Аллегри оны жасы келді деп санайтын көрінеді.

    Роналдуға басты үміткерлердің бірі - ПСЖ. Париждік клубтың қызметкерлері Криштианудың өкілдерімен келіссөздерді бастап кеткен.

    Туриндік ұжым футбол жұлдызын сату арқылы 25-30 миллион еуро пайда көруді жоспарлап отыр.

    ПСЖ басшылығы 36 жастағы Роналду жас талант Килиан Мбаппені алмастыра алады деген ойда.

    Себебі, франциялық сұрмерген келесі маусымнан бастап мадридтік "Реалда" доп тебуі ықтимал.

    Сонымен қатар, Криштиану ПСЖ демеушілерінің бірі болып табылатын Nike спорттық брендімен жұмыс жасайды. Үшжақты ынтымақтастық футболшыға, клубқа және компанияға пайда әкеледі деп күтілуде.

    Естеріңізге сала кетейік, Роналдудың "Ювентуспен" келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жарамды.

    Криштиануға ПСЖ клубынан бөлек лиссабондық "Спортинг" пен "Манчестер Юнайтедте" көз тігіп отыр.

    Әлем жұлдызы аталған екі команда да өнер көрсеткен.

    "Спортингте" Роналду мансабын бастаса, ал "Манчестер Юнайтедте" шабуылшының жұлдызы жанып, "Алтын допты" алғаш рет жиырма үш жасында жеңіп алды.

    Криштиану Роналдудың келесі маусымда Франция чемпионатында доп тебетіні рас па

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.