Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстан Барысы-2021" турнирінің жеңімпазы анықталды

Опубликовано:

Көрнекі
Фото: Ашық дереккөзден

"Қазақстан Барысы-2021" турнирінің жеңімпазы анықталды. Бұл атаққа Дәурен Нұралинов қол жеткізді деп хабарлайды Хабар 24.

Басылым мәліметінше, жеңімпазға 25 миллион теңге ақшалай сыйлық және алтын белбеу табыс етілген. 

Осылайша оныншы мәрте ұйымдастырылған турнирде жаңа чемпион анықталды.

Бұл атаққа Дәурен Нұралинов қол жеткізді.

Финалдық кездесуде балуан жартылай финалда турнирдің 2017 жылғы жеңімпазын жарыстан шығарған Ғалымжан Қырықбайды жеңді.

Негізгі уақытты қарсыластар бір-бір бүк ұпаймен аяқтаған еді.

"Белдесу" сәтінде Дәурен Нұралинов жамбылдық балуанды "таза жеңіспен" ұтып кетті.

Ал Дәурен Нұралинов жартылай финалда маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғаповты жықты.

Қола жүлде үшін ақтөбелік Еламан Ерғалиев пен маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов бақ сынасты. Көрермен турнирдің 2017 жылы жеңімпазы Ерғалиевтің жеңетініне сенімді болған еді. Алайда оның қарсыласы Жарылғапов ұтымды тәсілмен жарысты аяқтап, Ерғалиевті жүлдесіз қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1920997-qazaqstan-barysy-2021-turnirinin-zenimpazy-anyqtaldy/

pixel