Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жеңісі үшін қанша сыйақы алғаны белгілі болды

Опубликовано:

Жұмағұлов
Фото: Sports.kz

Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жеңісі үшін қанша сыйақы алғаны белгілі болды. Қазақстандық спортшы Конор Макгрегор мен Дастин Порье жұдырықтасқан турнирде бақ сынады.

Жалғас Джером Риверамен өткізген жекпе-жегі үшін 24 мың доллар алды деп жазады Sports.kz шетелдік басылымдарға сілтеме жасап. Оның ішінде 10 мың доллар спортшының октагонға шыққаны үшін берілсе, 10 мың доллар жеңіске жеткені үшін, ал 4 мың доллар ынталандыру мақсатында ұсынылған.

Еске салайық, жекпе-жек Лас-Вегас қаласында (АҚШ, Невада штаты) UFC 264 турнирі аясында өтті. Қазақстандық спортшы америкалық Джером Ривераға (10-5) қарсы шықты. Кездесу аса жеңіл салмақ категориясында өтті.

Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек Жалғас Жұмағұловтың жеңісімен аяқталды. Қазақстандық қарсыласын бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіп кетті.

Бұл Жалғас Жұмағұловтың кәсіби мансабындағы он төртінші, ал UFC аясындағы алғашқы жеңісі болды. Өткен жекпе-жектерде ол бразилиялық Раулиан Пайвадан (20-3) және швециялық Амир Альзабиден төрешілер шешімімен ұтылып қалған еді. Ал Джером Ривера болса, мансабындағы алтыншы және UFC аясындағы үшінші жеңілісіне ұшырады. Ол промоушндағы үш жекпе-жегінде де қарсыласына есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1921867-zalgas-zumagulovtyn-ufc-degi-algasqy-zenisi-usin-qansa-syiaqy-algany-belgili-boldy/

pixel