Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Токио Олимпиадасында ел намысын қорғайтын боксшылар кім

Опубликовано:

Бекзат Нұрдәулетов
Фото: ҚБФ баспасөз қызметі

Токиодағы Олимпиада ойындарында тоғыз қазақстандық боксшы ел намысын қорғайды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті Instagram парақшасында хабарлады.

Сонымен Токио Олимпиадасында:

  • Сәкен Бибосынов 52 келіге дейін
  • Серік Теміржанов 57 келіге дейін
  • Зәкір Сафиуллин 63 келіге дейін
  • Абылайхан Жүсіпов 69 келіге дейін
  • Әбілхан Аманқұл 75 келіге дейін
  • Бекзад Нұрдаулетов 81 келіге дейін
  • Василий Левит 91 келіге дейін
  • Қамшыбек Қоңқабаев 91 келіден жоғары
  • Надежда Рябец 75 келіге дейін салмақта сынға түседі.

Бокстан сайыс 24 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасында қай күндері сынға түсетіні белгілі болған еді.

Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ақпаратына сәйкес, отандық спортшылар 27 спорт түрінен барлығы 96 жолдама жеңіп алған.

Сонымен қатар, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жеңімпаздарға қанша сыйақы берілетінін айтқан болатын.

Оның сөзінше, бірінші орын алған спортшы мен бапкерге 250 мың доллардан беріледі.

"Соның ішінде бапкерлердің төлемақысынан 10 пайызы спортшыны ең бірінші тапқан бапкерге беріледі. 80 пайызы спортшыны дайындаған бапкерге беріледі. Қалған 10 пайызы осы 150 мың доллардан, осы спорт түрінен бас бапкерге төленеді", - дейді министр.

Ведомство басшысы бұл жерде Олимпиада медалінің нақты адал жолмен алынғаны маңызды екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1922585-tokio-olimpiadasynda-el-namysyn-qorgaityn-bokssylar-kim/

pixel