RU

Әбілхан Аманқұл Олимпиадада өзбек боксшысын нокдаунға жіберіп, жеңіске жетті

Боксеры Абильхан Аманкул и Фанат Кахрамонов
Абильхан Аманкул - Фанат Кахрамонов. Фото: Photo by Leon Neal/Getty Images

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Әбілхан Аманқұл Токиодағы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Олимпиададағы алғашқы кездесуінде Әбілхан Өзбекстан құрамасының үздігі Фанат Қахромоновпен кездескен болатын.

75 келідегі боксшылардың жекпе-жегі аса тартысты өтті. Әсіресе, бірінші раундта барлық төрешілер жеңісті өзбек боксшысына берген болатын. Себебі, алғашында қазақстандық боксшы өзіне көп соққы дарытып алды.

Осыдан соң, Аманқұл дереу жиналып, қарсыласын қыспаққа ала бастады. Әбілханның жойқын соққыларына шыдамаған өзбек боксшысы шаршы алаңда есеңгіреп, төреші нокдаун тіркеді.

Екінші раундта есеп теңескен соң, барлығын үшінші раунд шешті. Соңғы кезеңде Әбілхан Аманқұл сол қолымен сәтті соққылар жұмсап, нәтижесінде төрешілер қазақстандық боксшыны жеңімпаз деп таныды.

Айта кетелік, Әбілхан Аманқұл 2017 жылғы әлем чемпионатының және 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1924590-abilxan-amanqul-olimpiadada-ozbek-bokssysyn-nokdaunga-ziberip-zeniske-zetti/