jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "11 жыл күткен": Спортшыға жаттықтырушысы Олимпиада кезінде тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады (видео)

    Ұсыныс жасау сәті
    Кадр: tycsports.com

    Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындары кезінде тағы бір қызықты жайт орын алды. Бұл жолы аргентиналық спортшыға жаттықтырушысы тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады деп хабарлайды TyC Sports.

    Токиодағы Олимпиада ойындары 36 жастағы аргентиналық семсерлесуші Мария Белен Перес Мористің есінде мәңгі қалады - ол жарыста жеңіліп қалғанымен, үйіне қалыңдық ретінде оралатын болды.

    26 шілдеде өткен турнирдің 1/16 айналымында венгриялық Анна Мартоннан жеңіліс тапқан спортшыға жаттықтырушысы әрі сүйіктісі Лукас Сауседо тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған.

    Мария бұл сәтте Аргентина телеарнасына тікелей эфирде сұхбат беріп жатқан еді. Бір сәтте журналист семсерлесушіден артқа қарай бұрылуды өтінеді.

    Мария артына бұрылғанда "Сен маған тұрмысқа шығасың ба?" деген жазуды көріп, таңданысын жасыра алмаған. Себебі, ол мұндай ұсынысты күтпегенін айтады.

    Өйткені жастығын алға тартып, 11 жыл бұрын тұрмысқа шығудан бас тартқан екен.

    Бұл жолы Мария басын изеп, сүйіктісіне келісімін берді. Қос ғашықтың көңіл жарастырғандарына 17 жылдың жүзі болған.

    Айта кетейік, бұған дейін осы Олимпиада ойындары кезінде татамиға шығайын деп тұрған шәкіртінің бетінен ұрып, сілкіп алған неміс жаттықтырушысы желіде қызу талқыға түскен еді.

    Кейін дзюдошы Мартина Трайдос бұған қатысты пікір білдіріп, бұл жерде тұрған ешқандай әбестік жоғын айтқан еді.

    "Мені жаттықтырушым жарыс алдында осылай жігерлендіреді", - дейді Мартина.

    "11 жыл күткен": Спортшыға жаттықтырушысы Олимпиада кезінде тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.