Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алғашқы медаль": Қамшыбек Қоңқабаев бокстан Олимпиаданың жартылай финалына шықты

Опубликовано:

Боксер Камшыбек Кункабаев
Камшыбек Кункабаев. Фото: Photo by LUIS ROBAYO/POOL/AFP via Getty Images

Бокстан Қазақтан командасы Олимпиададағы алғашқы медалін еншіледі. Әзірге, оның алтын, күміс не қола болары белгісіз. Аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға жолдама алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

+91 келіде сынға түсетін Қамшыбек ширек финалда ресейлік Иван Верясовпен кездесті.

Бірінші раундтан бастап алға қадам басқан Қоңқабаев қарсыласына айла қалдырған жоқ. Төрешілер 4:1 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Жартылай финалда Қамшыбек америкалық жас спортшы Ричард Торрессонмен жұдырықтасады.

Айта кетелік, Қамшыбек Қоңқабаев Қазақстан сапынан Токио Олимпиадасының жартылай финалына жеткен алғашқы боксшы.

Бұған дейін бес қазақстандық боксшы жарыс жолынан шығып қалды. Енді Сәкен Бибосынов (52 келі) пен Закир Сафиуллин (63 келі) ширек финалдық кездесулерін өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1924961-algasqy-medal-qamsybek-qonqabaev-bokstan-olimpiadanyn-zartylai-finalyna-syqty/

pixel