Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балуан Данияр Қайсанов Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты

Опубликовано:

Балуан
Фото: Сали Сабиров / Қазақстан ҰОК

Еркін күресте еліміздің намысын қорғайтын балуан Данияр Қайсанов Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Данияр Жапония балуаны Кейсуке Отогуроны жеңіп, ширек финалға шықты. Ширек финалда Қайсанов мысырлық Рамадан Хуссенмен кездеседі.

Айта кетсек, бұған дейін Қазақстан спортшыларының 5 тамызға арналған жарыс кестесі жария етілген болатын. Данияр Қайсановтан бөлек, бүгін спорттың әр түрінен еліміздің намысын қорғайтын спортшылар қатарында Сәкен Бибосынов, Артем Захаров, Григорий Шейко, Павел Ильяшенко, Мөлдір Жаңбырбай және Нұрислам Санаев бар.

Сол арада Токиодағы Олимпиадада тәуліктік SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтыру жағдайының максималды көрсеткіші тіркеліп отырғаны хабарланды. 24 сағаттың ішінде жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге атсалысқан 29 адам вирус жұқтырды.

Бұл туралы "Токио-2020" ұйымдастыру комитетінің сайтында сәрсенбі, төртінші тамыз күні жарияланған есепте мәлім етілді. Жұқтырғандардың арасында төрт спортшы бар. Жарысты өткізуге атсалысқан адамдардың ішінде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 322-ге жетіп отыр.

Одан бөлек, еліміздің ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қанша ақша жұмсалғанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1925634-baluan-daniyar-qaisanov-olimpiada-oiyndarynyn-sirek-finalyna-syqty/

pixel