Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада ойындарында 300-ден астам адам коронавирус жұқтырды

Опубликовано:

Токио көшесі
Көрнекі фото: Buddhika Weerasinghe / Getty Images

Токиодағы Олимпиадада тәуліктік жұқтыру рекорды тіркелді. Жапония астанасында ТЖ режимі ұзартылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Токиодағы Олимпиадада тәуліктік SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтыру жағдайының максималды көрсеткіші тіркелді. 24 сағаттың ішінде жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге атсалысқан 29 адам вирус жұқтырды.

Бұл туралы "Токио-2020" ұйымдастыру комитетінің сайтында сәрсенбі, 4 тамыз күні жарияланған есепте мәлім етілді. Жұқтырғандардың арасында төрт спортшы бар. Жарысты өткізуге атсалысқан адамдардың ішінде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 322-ге жетті.

Эпидемиологиялық ахуалдың өршуіне байланысты Токиода төтенше жағдай режимі 31 тамызға дейін ұзартылды. Ол, атап айтқанда, қоғамдық тамақтану орындарында алкоголь сатуға тыйым салуды және көрермендерді бұқаралық іс-шараларға жіберуді шектеуді көздейді. Олимпиада Жапония астанасында көрермендерсіз өтіп жатыр.

Еске сала кетейік, 57 келгі дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғайтын Нұрислам Санаев 1/8 финалда Гвинея-Бисау елінің өкілі Иуна Фафе Диамантиномен кездесіп, 7:0 есебімен жеңіске жетті.

Отандасымыз ширек финалда әлем чемпионы, Азия ойындарының қола жүлдегері жапониялық Юки Такахашимен кездеседі.

Оған қоса, бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының финалына шыға алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925548-olimpiada-oiyndarynda-300-den-astam-adam-koronavirus-zuqtyrdy/

pixel