Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлішер Ерғали ширек финалда түрік балуанынан жеңілді

Опубликовано:

Әлішер Ерғали 41
Фото: olympickz/Жеңіс Ысқабай

Еркін күрестен 97 келіге дейін салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен балуан Әлішер Ерғали Токио Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлішер 1/4 финалда Еуропаның қазіргі чемпионы Түркия балуаны Сүлейман Караденизге есе жіберді. Есеп 7:8.

Отандасымыз 1/8 финалда бозкілемге шыққан жоқ. Себебі, оның қарсыласыз белдесуге шығудан бас тартты.

Айта кетейік, бұған дейін тағы бір балуанымыз Дәулет Ниязбеков ширек финалға шыққан болатын. Алай ол 1/4 финалда әлемнің үш дүркін чемпионы Гаджи Алиевтен 9:1 есебімен жеңілді.

Еске сала кетсек, бүгін 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан балуан Данияр Қайсанов қола медаль үшін өзбестандық Бекзод Абдурахмоновпен күреседі.

Ол жартылай финалда ресейлік балуан, екі дүркін әлем чемпионы Заурбек Сидаковтан жеңілген болатын.

Әзірге ел қоржынында еркін күрестен бір ғана медаль бар. Оны 5 тамызда Нұрислам Санаев иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1925856-aliser-ergali-sirek-finalda-turik-baluanyna-ese-ziberdi/

pixel