Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Спорт журналисі: Секіріп көрмеген адамды елдің спортын басқартып қою дұрыс емес деп ойлаймын

Опубликовано:

Айбек Қабылша11
Айбек Қабылша/Кадр: КТК арнасы

Спортшылар мен жанкүйерлер асыға күткен Токио Олимпиадасы да өз мәресіне жетті. Бұл айтулы дода Қазақстан үшін сәтсіз Олимпиаданың бірі болды. Үміт артқан спортшыларымыз жеңілістен көз ашпай, бірінен кейін бірі сүрінді. Спорт журналисі Айбек Қабылша осы сәтсіздіктен кейін жауапты басшылардан бастап, бапкерлер түгел орнын босату керек деген пікірде. Оның айтуынша, спорт жеке-дара министрлік болып бөлінуі тиіс деп хабарлайды КТК арнасы.

Токио Олимпиадасында комментатор болған Айбек ел құрамасының төмен нәтижеге қол жеткізуі отандық спорттың қазіргі ахуалын анық көрсетті деп отыр.

"Өмірінде жүгіріп көрмеген, секіріп көрмеген адамды елдің спортын басқартып қою дұрыс емес деп ойлаймын. Мысалы, мәдениет министрі керемет әнші болуы мүмкін. Қайраткер шығар. Бірақ ол спорттан хабарсыз ғой. Олимпиада комитетіне нағыз жанашырлар бару керек. Сосын бокс болсын, күрес болсын, жас бапкерлер керек. Бас бапкер болып барды ма, оның көмекшісі болып кім барды? Барлығын алып тастау керек. Осындай қатаң шешім керек екенін осы Олимпиада көрсетті", - дейді спорт журналисі Айбек Қабылша. 

Сонымен қатар, ол федерацияны басқаруды қалталы адамдарға емес спорттың ұңғыл-шұңғылын білетін мықты мамандарға беретін уақыт келді деп санайды.

"Дәстүр болып кетті. Қолында қаражаты бар адамға әрбір спорттың тұтқасын ұстатып қойып жүр. Құрметті президенті қылып қойсын. Бірақ ол адамды федерация жетекішілігіне қойып сеніп тапсыруға болмайды деген ойдамын. Шыны керек, олар өз бизнесін ойлайды. Басқа шаруалары да бар. Кешегі Олимпиадада масқара болды ма? Алғашқы ондыққа ілінбеді ме? Ол кісілер де кетуі керек", - дейді Айбек Қабылша.

Айта кетейік, Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада ойындары 8 тамыз күні аяқталды. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 8 қола медальмен 83-орынға тұрақтады.

Президенттің сөзінше, Ұлттық құраманың бұл көрсеткіші Қазақстанның спорттағы әлеуетіне және мемлекет тарапынан спортты дамытуға бөлініп отырған мол қаражатқа сәйкес келмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1926362-otandyq-sport-zurnalisi-sekirip-kormegen-adamdy-eldin-sportyn-basqartyp-qoyu-durys-emes/

pixel