Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бөлініп отырған қаражатқа сәйкес келмейді": Тоқаев Токиодағы Ұлттық құраманың ойынына баға берді

Жарияланған күні:

Токио
Фото: Сали Сабиров, Тұрар Қазанғапов. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Токио Олимпиадасындағы Ұлттық құраманың ойынына баға берді. Ол өзінің Twitter желісіндегі ресми парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Токиода өткен Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 93 спортшы қатысты. Жеңіске жету жолында бар күш-жігері мен шеберлігін көрсеткен атлеттерге алғысымды білдіремін. Олимпиаданың қола жүлдегерлерін құттықтаймын. Бұл ұзақ уақыт бойы жүргізген табанды жаттығулардың жақсы нәтижесі", - деп жазды ол.

Сонымен бірге, ол өз жазбасында Ұлттық құраманың көрсеткіші осы саланы дамытуға бөлініп отырған қаражатқа сәйкес келмейтінін айтты.

"Алайда, 8 қола медаль алып, жалпы командалық есепте 83-орынға табан тіреген Ұлттық құраманың бұл көрсеткіші Қазақстанның спорттағы әлеуетіне және мемлекет тарапынан спортты дамытуға бөлініп отырған мол қаражатқа сәйкес келмейді", - деп жазды ел президенті.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы еліміздің спорт саласында шұғыл реформалар қажеттігі туралы да айта кетті.

"Ұлттық құрамның Олимпиададағы көрсеткіші спорт секілді аса маңызды салада шұғыл әрі тиімді реформалар жүргізу қажет екенін көрсетті. Бұқаралық және балалар спортын дамытуға көңіл бөліп, сол арқылы әлемдік аренада үлкен табыстарға қол жеткізуге ұмтылу қажет", - деді Президент.

Сонымен бірге, Қасым-Жомарт Тоқаев өткен Олимпиададан сабақ алу керектігін жеткізді.

"Токио Олимпиадасынан сабақ алып, Парижде өтетін келесі ойындарда халық үмітін ақтайтындай нәтижеге қол жеткізу керек", - деп жазды ол.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарын 8 қола медальмен қорытындылады. Жалпы командалық есепте еліміз 83-орынға тұрақтады. Ал үздік үштікке АҚШ, Қытай және Жапония енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926350-korsetkis-bolingen-qarazatqa-saikes-kelmeidi-toqaev-tokiodagy-ulttyq-quramanyn-oiynyna-baga-berdi/