Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш мың доллар береміз деді": Қырғыз балуаны ақша үшін Қазақстан намысын қорғаудан бас тартқан

Жарияланған күні:

Ақжол Махмудов
Ақжол Махмудов: akipress.org

Грек-рим күресінен 77 келі салмақта белдесіп, Қырғызстан командасына күміс медаль сыйлаған Ақжол Махмудовтың әкесі Мұхамед Sputnik Қырғызстан сайтына сұхбат берді. Ол ұлына үлкен ақша ұсынып, Қазақстанның атынан сынға түсуге шақырғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Журналистің: "Танымал балуан, Азия біріккен күрес әлемінің басшысы Дәулет Тұрлыханов Ақжолды Қазақстанға алып кетіп, оған жақсы стипендия мен пәтер, сізге жақсы жұмыс береміз деп уәде еткені туралы ақпар шықты. Бұл рас па?", - деген сұрағына Мұхамед Махмудов төмендегідей жауап берген.

«Дәулет Тұрлыханов жеке өзіммен сөйлескен жоқ. Бірақ Алматы және Шымкент федерацияларынан Ақжолға ұсыныс түсті. Алматылықтар үш бөлмелі пәтер, 3 мың доллар стипендия беретінін айтты. Маған жақсы жалақысы бар жұмыс, қалған екі ұлыма дайындалатын жақсы мүмкіндік ұсынды.
Түркиядан да ұсыныстар болды. Менің жеке өзіме айтқан жоқ, ортадағы адамдарды жіберді. 2017 жылы 200 мың доллар төлейміз дегендер де болды. Бірақ Ақжолдың отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігі жоғары. Ол ақша үшін ешбір елдің намысын қорғамайтынын айтып, өз елінде қалды», - дейді балуанның әкесі.

Айта кетелік, Ақжол Махмудов грек-рим күресінен Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Ол барлық қарсыласынан басым түсіп, финалда венгриялық спортшыдан 1:2 есебімен жеңілді.

Ал грек-рим күресінен Қазақстан атынан қатысқан үш балуан да алғашқы айналымнан аса алмай, ұтылып қалды.

Грек-рим күресінің өкілдері қатарынан екінші Олимпиададан медальсіз оралып отыр. 2008 жылы Бейжің Олимпиадасыда Нұрбақыт Теңізбаев күміс медаль алса, 2012 жылғы Лондон ойындарында Дағыстаннан келген легионер Гаджи Гаджиев қола жүлдегер атанған болатын.

Рио және Токио Олимпиадаларында қазақстандық классиктер жарқын өнер көрсеткен жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1927960-us-myn-dollar-beremiz-dedi-qyrgyz-baluany-aqsa-usin-qazaqstan-namysyn-qorgaudan-bas-tartqan/