Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алғашқы алтын": Қазақстандық Давид Дегтярев Токиода Паралимпиада чемпионы атанды

Опубликовано:

Давид Дегтярев
Давид Дегтярев: paralympic.kz

Токиода өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындарында Қазақстан командасының өкілдері алғашқы жүлдені жеңіп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Пауэрлифтингтен ерлер арасында 54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Давид Дегтярев қарсыластарын артта қалдырып, чемпион атанды.

Ол 174 келіні бағындырған. Күміс жүлдені Франция өкілі А. Боурлон, қола медальді Грекия өкілі Д.Бакохристос иеленді.

Бұл биылғы Паралимпиада ойындарындағы Қазақстан командасының алғашқы жүлдесі екенін естеріңізге саламыз.

Давид Дегтярев Ақмола облысының тумасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1929055-algasqy-altyn-qazaqstandyq-david-degtyarev-tokioda-paralimpiada-cempiony-atandy/

pixel