Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Голливуд үшін жаратылған": Отандық боксшы арудың ашық образдағы суреттері ерлерді естен тандырды

Опубликовано:

Боксшы
Фото: Instagram/angelina_lukas1997

Танымал қазақстандық боксшы Анджелина Лукастың әлеуметтік желіде жариялаған соңғы суреттері ерлер қауымын естен тандырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Былғары қолғап шебері мини-көйлекпен түскен фотоларын Instagram-дағы парақшасында жариялап: "Мені бірде-бір от күйдіре алмайды, өйткені өзім отпын!", - деген жазба қалдырды.

Бұны көрген оқырмандар жарыса пікірлерін қалдырды. Олардың арасында Анджелина Лукасты модель және актриса болуға шақырғандардың қарасы көп.

"Фотолар - от екен", "Сізге боксты тастап, модель болу керек", "Осылай жалғастыра беріңіз", "Мамандығыңызды ауыстырсаңызшы. Сізге киноға түскен жарасатын секілді", "Сіз Голливуд үшін жаратылғандайсыз", "Тамаша" деді олар.

Сонымен қатар, ер азаматтар қауымы боксшы қыздың ашық образдағы суреттері естен тандырғанын жасырмады.

"Сен менің арманымсың", "Менің сұлуым", "Сенімен қалай таныссам болады?", "Саған ғашықпын", "Өте әдемісің" деді олар.

Айта кетейік, Анджелина Лукас Қазақстандағы ең сексуалды спортшылардың бірі болып саналады. Оның Instagram парақшасында 529 мың адам жазылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1940475-gollivud-usin-zaratylgan-otandyq-bokssy-arudyn-asyq-obrazdagy-suretteri-erlerdi-esten-tandyrdy/

pixel