Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзбекстанда тудым": Бокстан әлем чемпионы атанған Бибосынов күтпеген мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Боксшы
Видеодан кадр: Youtube/Marat Oralgazin

Сербияда өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан Сәкен Бибосынов үлкен спортқа қалай келгенін айтып берді.

Бұл жөніде боксшы YouTube желісіндегі "Қызық Live" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Оның сөзінше, боксқа келуіне туған ағасы мұрындық болған.

"Боксқа туған ағам алып келді. Бокс әліппесін де туған ағам үйретті. Ағам боксшы болғандықтан боксты Бостандық ауданындағы өз үйімде бастадым", - деді былғары қолғап шебері.

Осы орайда Сәкен Бибосынов Өзбекстанның Ташкент облысы Бостандық ауданында өмірге келгенін жеткізді.

"2013-те Қазақстанға келіп, Қазақстанның атынан шығып, қазақ елінің әнұранын шырқатайын, көк туын биікте желбіретейін деп, туған отаныма оралдым. Аллаға шүкір қазіргі уақытта осындай жетістіктерге жетіп жатырмын", - деді әлем чемпионы.

Боксшы бүгінде Түркістан облысының атынан жарыстарға қатысып жүргенін мәлімдеді.

"Сайрам ауданы, Қарасу ауылының тұрғыны болғандықтан, Түркістан облысының атынан шаршы алаңға шығып жүрмін", - деп ағынан жарылды ол.

Сонымен қатар, Сәкен Бибосынов қазіргі уақытта әуесқой боксқа көп көңіл бөлініп жатқанын жасырмады.

Оның сөзінше, Белградта өткен әлем біріншілігінде бұл анық аңғарылған. Себебі, байрақты бәсекеде алғаш рет алтын медаль алғандарға белбеу берілген.

Одан бөлек, қаржылай сыйақы да ұсынылыпты.

Айта кетейік, осыған дейін Сәкен Бибосынов желтоқсан айында шаңырақ көтеретінін мәлімдеген болатын.

"Әке-шешеме, бауырларымның жағдайын жасауым керек. Егер артылып жатса мұқтаж жандарға көмектесуге дайынмын. Алдағы жоспарымның бірі - үйленіп, отбасылы болу. Келесі айдың басында той болады бұйырса.

Сол тойға дайындалуым керек. Шымкенттің қызы. Келесі жылы Азия ойындары, одан кейін 2023 жылы әлем біріншілігі. Соған дайындық жұмыстарын бастаймыз. Менің мақсатым - 2024-те Олимпиада чемпионы атанып, еліме алтын сыйлау", - деген еді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1945949-ozbekstanda-tudym-bokstan-alem-cempiony-kutpegen-malimdeme-zasady/

pixel