Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой боксқа ауысты

Опубликовано:

Абылайхан Жүсіпов
Абылайхан Жүсіпов. Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитет

Бокстан әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов мансабын кәсіпқой бокста жалғастырады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

24 жастағы қазақстандық спортшы Suleimen Promotions промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған. Осылайша, енді ол кәсіпқой рингте қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов әуесқой бокстан 2017, 2019 және 2021 жылдары әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып, 2017 жылы өткен Азия чемпионатында күміске қол жеткізді.

Сондай-ақ, ол жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленген.

Еске сала кетсек, бұған дейін боксшы Бекзад Нұрдәулетов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқан еді.

Ол "ADAL PROMOTIONS" промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1954128-abylaixan-zusipov-kasipqoi-boksqa-auysty/

pixel