Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Бейжіңде қола медаль алған Александр Герлицті "Құрмет" орденімен марапаттады

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңде қола медаль алған паралимпиадашы Александр Герлиц пен жаттықтырушыларды мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент жарлығымен Қытайдың Бейжің қаласында өткен XIII Қысқы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін спортшы Александр Герлиц, "Ұлттық Паралимпиадалық комитеті" ҚБ аға жаттықтырушысы Антон Жданович, "Ұлттық Паралимпиадалық комитеті" ҚБ бас жаттықтырушысы Василий Коломиец "Құрмет" орденімен марапатталды.

Айта кетейік, Бейжің Паралимпиадасында Александр Герлиц пара биатлоннан 10 шақырымға тұрып сырғанаудан сынға түсіп, қола медаль иеленген болатын.

Кейін спортшыны жеңісімен мемлекет басшысы құттықтап, спортта бұдан әрі қарай да табысты болуына тілектестік білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1961929-toqaev-beizinde-qola-medal-algan-paralimpiadasy-men-zattyqtyrusylardy-qurmet-ordenimen-marapattady/

pixel