Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлының ұлыбританиялық боксшыға қарсы жекпе-жегі өтетін жер белгілі болды

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша "уақытша чемпиондық" атақ үшін жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен ұлыбританиялық Дэнни Дигнум арасындағы жекпе-жектің өтетін орны анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

The Ring сайтының мәліметінше, боксшылар арасындағы кездесу 21 мамырда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.

Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған және орта дивизионда өтеді. Кездесу барысында орта салмақтағы WBO Interim белбеуі сарапқа салынбақ.

Бұл жекпе-жектің жеңімпазы WBO толық титулына міндетті үміткер болады. Қазір бұл белбеудің иегері америкалық Деметриус Андраде.

Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының бапкері Джеймс "Бадди" Макгирт мамырдағы жекпе-жекке боксшының қалай дайындалып жатқанын көрсеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1964833-zanibek-alimxanulynyn-ulybritaniyalyq-bokssyga-qarsy-zekpe-zegi-otetin-oryn-belgili-boldy/

pixel