jitsu gif
Спорт

    Жәнібек Әлімханұлының бапкері боксшының алдағы жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын көрсетті (видео)

    Жәнібек Әлімханұлы бапкерімен жаттығуда
    Видеодан кадр: instagram.com/buddymcgirtboxing

    WBO тұжырымы бойынша "уақытша әлем чемпионы" белбеуіне үміткер қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының бапкері Джеймс "Бадди" Макгирт өзінің Instagram парақшасында жаттығу сәтінен видео жариялады.

    Желіде жарияланған видеодан отандасымыз Жәнібек Әлімханұлының алдағы жекпе-жекке қызу дайындалып жатқанын көруге болады.

    Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен ұлыбританиялық Дэнни Дигнум арасындағы кездесу 21 мамыр күні өтеді деп жоспарлануда. Дегенмен жекпе-жектің өтетін орны әзірге белгісіз.

    Боксшылар WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

    Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет былтыр қараша айында француз боксшысы Хассан Н’Дам Н’Жикаммен кездесіп, оны сегізінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Жәнібек бүгінге дейін 11 жекпе-жек өткізіп, әлі жеңіліп көрмеген.

    Ал Дэнни Дигнумге келсек, ол кәсіпқой бокстағы мансабында 15 жекпе-жек өткізіп, 14 рет жеңісіке жеткен, бір кездесуі тең нәтижемен аяқталған. Соңғы рет шаршы алаңға биыл ақпан айында шығып, отандасы Грант Деннисті техникалық нокаутпен жеңген.

    Жәнібек Әлімханұлының бапкері боксшының алдағы жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын көрсетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.