Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сұлтан Зәуірбек Лондондағы бокс кешінде қарсыласын нокаутқа түсірді (видео)

Опубликовано:

Сұлтан Зәуірбектің қарсыласын нокаутқа түсірген сәт
Сұлтан Зәуірбектің қарсыласын нокаутқа түсірген сәт. Видеодан кадр: sports.kz

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (12-0, 8 КО) Лондондағы бокс кешінде Аргентина өкілі Николас Ботеллиді (11-6, 6 КО) нокаутқа түсіріп, мансабындағы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлыбритания астанасындағы бокс кеші жергілікті York Hall залында өтті.

Сұлтан Зәуірбек екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBO European чемпионы болғанына қарамастан, бұл жекпе-жекте ешқандай титул сарапқа салынбады.

Ал кездесу 10 раундқа жоспарланған болатын, дегенмен жекпе-жек уақытынан бұрын отандасымыздың жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, үшінші раундта төреші Сұлтан Зәуірбекті нокдаун алды деп санап, есеп ашты. Алайда боксшы кездесуді арықарай жалғастыра алатынын айтып, бесінші раундта Николас Ботеллидің өзін нокаутқа түсірді.

Осылайша, Сұлтан Зәуірбек кәсіби мансабындағы 13-жеңісін тойлауда. Ал Николас Ботелли жетінші рет жеңіліс тапты.

Еске сала кетейік, 9 сәуір күні әйгілі отандасымыз Геннадий Головкин Жапонияның Сайтама қаласында жергілікті боксшы Риота Муратаға қарсы жекпе-жек өткізіп, кәсіби мансабындағы 44-ші жеңісіне қол жеткізді.

Осылайша, ол WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық титулдардың иесі атанды.

Одан бөлек келесі айда тағы бір танымал отандасымыз Жәнібек Әлімханұлының кезекті жекпе-жегі өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1965342-sultan-zauirbek-londondagy-boks-kesinde-qarsylasyn-nokautqa-tusirdi-video/

pixel