Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Титулдық жекпе-жек өткізеді: Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегасқа ұшып барды (видео)

Опубликовано:

боксшы
Видеодан кадр: Janibek Alimkhanuly/Twitter

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тың Лас-Вегас қаласына ұшып барды. Бұл шаһарда 21 мамыр күні отандасымыз британиялық Дэнни Дигнуммен WBO тұжырымы бойынша "уақытша" әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жәнібек Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында Лас-Вегасқа командасымен бірге келген сәтін жария етіп, "Біз Лас-Вегастамыз", - деген жазба қалдырды.

Видео кадрынан боксшының жынанан бапкері Джеймс "Бадди" Макгиртті, менеджерлері Эгис Климас пен Берік Сұлтанды көруге болады.

Айта кетейік, қос боксшының арасындағы кездесу Top Rank компаниясының ұйымдастырумен өтеді.

Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет былтыр қараша айында француз боксшысы Хассан Н’Дам Н’Жикаммен кездесіп, оны сегізінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Жәнібек бүгінге дейін 11 жекпе-жек өткізіп, әлі жеңіліп көрмеген.

Ал Дэнни Дигнумге келсек, ол кәсіпқой бокстағы мансабында 15 жекпе-жек өткізіп, 14 рет жеңісіке жеткен, бір кездесуі тең нәтижемен аяқталған. Соңғы рет шаршы алаңға биыл ақпан айында шығып, отандасы Грант Деннисті техникалық нокаутпен жеңген.

Жекпе-жек Қазақстанда 22 мамыр күні таңертең көрсетіледі деп жоспарланып отыр. Тікелей эифрді Хабар телеарнасы жүргізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1970020-tituldyq-zekpe-zek-otkizedi-zanibek-alimxanuly-las-vegasqa-usyp-bardy-video/

pixel