Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

WBC Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Головкин мен Сауль Альварес
Геннадий Головкин мен Сауль Альварес. Фото: Sports.kz

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің үшінші жекпе-жегіне қатысты тың мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sports.kz.

WBC ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде жекпе-жек алдында боксшылардан допинг сынақтары алынатыны айтылған.

"Екі боксшы да WBC белгілеген барлық хаттаманы сақтай отырып, VADA талаптарымен ынтымақтасуға дайын екенін көрсетті.

Өйткені Сауль Альварес пен Геннадий Головкин Таза бокс бағдарламасына (CBP) кіреді. Оған сәйкес, екеуі де 17 қыркүйек күні өтетін жекпе-жек алдында допинг тест тапсыруы қажет", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Сауль Альварес баспасөз мәслихаты кезінде Головкинмен үшінші жекпе-жегі биыл қыркүйек айында өтетінін ресми түрде мәлімдеген еді.

Forbes басылымының мәліметінше, GGG - "Канело" триологиясы боксшылардың бұған дейін екі кездесуі болған Лас-Вегас қаласында өтуі мүмкін.

Жалпы, Сауль Альварес кәсіби мансабында Геннадий Головкинмен екі рет қолғап түйістірген.

Олардың арасындағы алғашқы кездесу 2017 жылдың қыркүйегінде өткен болатын. Ол кезде жекпе-жек қос тараптың тең түсуімен аяқталса, тура бір жылдан кейін екінші рет өткен кездесуде мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Ал биыл 7 мамырда "Канело" ресейлік боксшы Дмитрий Биволға қарсы жекпе-жек өткізіп, мансабында екінші рет жеңіліс тапты.

Дегенмен Бивол GGG мен Сауль Альварестің келесі кездесуінде "Канелоны" фаворит деп есептейтінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1972156-wbc-golovkin-men-kanelonyn-usinsi-zekpe-zegine-qatysty-malimdeme-zasady/