Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алаңға кім шықса да, барын салады": Досмағамбетов Словакиямен өтетін матч туралы айтты

Опубликовано:

Тимур Досмағамбетов
Тимур Досмағамбетов. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Тимур Досмағамбетов Словакиямен болатын ойын алдында баспасөз мәслихатына қатысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі футбол федерациясына сілтеме жасап.

"Бір ғана нәрсені анық айта аламын: алаңға кім шықса да, бар күшін салып, оң нәтиже тіркеуге тырысады. Асхаттың жоқтығы - біз үшін үлкен шығын. Командада оны алмастыратын жігіттер бар. Ал оның орнына кімнің шығатынын бас бапкер анықтайды", - деді Тимур Досмағамбетов.

Айта кетейік, Ұлттар лигасында Қазақстан ұлттық құрамасы С лигасының үшінші тобында өнер көрсетіп жатыр.

Қазақстан құрамасының қарсыластары - Словакия, Әзербайжан және Беларусь құрамалары.

Алғашқы турда ел құрамасы Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана арена" стадионында Әзербайжанмен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Аталған матчта Қазақстан футбол командасының капитаны Асхат Тағыберген жарақат алып қалған болатын.

Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 00:45-те Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словакиямен ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1972821-alanga-kim-syqsa-da-baryn-salady-dosmagambetov-slovakiyamen-otetin-matc-turaly-aitty/

pixel