Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мансабында 36 рет жеңіске жеткен этникалық қазақ UFC-де өнер көрсетуі мүмкін

Опубликовано:

Әскербай Жеңісбек
Әскербай Жеңісбек. Фото: Sports.kz

Сингапурда "UFC-ге апарар жол" турнирі басталды. Онда Азия құрлығының сегіз спортшысы әлемнің үздік лигасына берілетін жалғыз жолдаманы сарапқа салмақ, деп хабарлайды Sports.ru

Сегіздіктің арасында Қытайдың намысын қорғайтын этникалық қазақ Әскербай Жеңісбек те бар. Ол мансабында 36 рет жеңіске жеткен. Жеңісбектің алғашқы қарсыласы - оңтүстік кореялық Ким Кен Пе.

Жекпе-жек бүгін, 10 маусымда өтеді.

Бұған дейін Қытайдағы тағы бір этникалық қазақ Мақсат Қайсар DWCS турнирінде сәтті өнер көрсеткен соң UFC-де алғаш рет жекпе-жек өткізуге бір табан жақындаған болатын.

Айта кетейік, UFC-де үш қазақстандық файтер - Шавкат Рахмонов, Сергей Морозов пен Жалғас Жұмағұлов өнер көрсетеді.

Cоңғы жекпе-жегінде Жалғас Жұмағұлов төрешілердің шешімімен АҚШ спортшысы Джефф Молинадан жеңілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1973518-mansabynda-36-ret-zeniske-zetken-etnikalyq-qazaq-ufc-de-oner-korsetui-mumkin/

pixel