Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайдағы этникалық қазақ UFC-де алғаш рет өнер көрсетпек

Опубликовано:

Мақсат Қайсар
Мақсат Қайсар. Фото: Prosports.kz

Қытайдағы этникалық қазақ Мақсат Қайсар (6-1) DWCS турнирінде сәтті өнер көрсеткен соң әлемдегі ең танымал промоушенде алғаш рет жекпе-жек өткізуге бір табан жақындады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мақсаттың қарсыласы америкалық Стив Гарсия (12-4) болуы мүмкін. Ал жекпе-жек Сингапур қаласында UFC 275 турнирі аясында өтуі ықтимал.

"Бұл жігіт мінезді және соққыны жақсы қабылдай біледі. Ол бірнеше ауыр соққыдан кейін де өз қалпынан таймады. Әрі біз әдетте келісімшарт жасасып жүрген спортшыларға қарағанда әлдеқайда жас. Бірақ оның бүгінгі өнерін тамашалап және рекорды 6-1 екенін ескере отырып, біз ставканы осы жігітке қоямыз", - дейді UFC президенті Дана Уайт.

Айта кетейік, UFC-де үш қазақстандық файтер - Шавкат Рахмонов, Сергей Морозов пен Жалғас Жұмағұлов өнер көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1966865-qytaidagy-etnikalyq-qazaq-ufc-de-algas-ret-oner-korsetpek/