Ришарлисон "Тоттенхэм" ойыншысы атанды

Опубликовано:

Бразилия құрамасының шабуылшысы
Ришарлисон Андраде. Фото: Kenta Harada/Getty Images

25 жастағы Бразилия құрамасының шабуылшысы Ришарлисон Андраде "Тоттенхэм" клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі лондондық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Эвертонның" бұрынғы шабуылшысы мен лондондық клуб бес жылға (2027 жылға дейін) келісімшартқа отырды.

Шетелдік БАҚ ұсынған ақпаратқа сәйкес, трансфер сомасы 50 миллион фунтты құраған, тағы 10 миллион еуро бонус ретінде төленеді.

Айта кетейік, өткен маусымда Ришарлисон Англия біріншілігінде 30 матч өткізіп, 10 гол соқты және бес нәтижелі пасымен көзге түсті. Сондай-ақ бразилиялық футболшы "Эвертонға" жоғарғы лигадағы орнын сақтап қалуға қалуға көмектесті.

25 жастағы шабуылшы мансабында бразилиялық "Америка Минейро", "Флуминенсе" және ағылшындық "Уотфорд", "Эвертон" сияқты клубтарда доп тепкен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бельгия құрамасы мен "Челсидің" шабуылшысы Ромелу Лукакудың 2022/23 жылғы маусымда "Интер" сапында өнер көрсететінін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1976639-risarlison-tottenxem-oiynsysy-atandy/

jitsu gif